Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:44, 31 Мамыр 2024

Қазақстан Беларусьпен бірнеше құжатқа қол қойды 

у
Фото: из открытых источников

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Беларусь Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Николай Снопковтың төрағалығымен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь Үкіметаралық комиссиясының 18-ші отырысы өтті.

Іс-шараға екі елдің жауапты мемлекеттік органдарының өкілдері қатысқан.

Нәтижесінде өнеркәсіп, көлік, құрылыс, білім және ғылым сияқты негізгі салалардағы ынтымақтастық үшін жаңа көкжиектер ашатын хаттамаға қол қойылды. Қазақстан мен Беларусь өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі нығайтудың үлкен әлеуетіне ие болғандықтан өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Екі елдің экономикасы үшін маңызды саналатын көлік және құрылыс саласындағы бірлескен жобалар да айқындалды, деді Үкімет.

Сондай-ақ, білім және ғылым саласындағы бірлескен жұмыс, тәжірибе мен инновациялық идеялар алмасу туралы талқыланған.

Фото: ҚР Үкіметі

Тегтер: