Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:32, 24 Сәуір 2024

Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы онлайн өтеді

а
Фото: из открытых источников

Су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясы онлайн-форматта өтеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты қабылдады.

ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы және Ассамблеяның XXXIIІ сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді.

Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысады, делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосқанын айтқан.

Фото: Ақорда

Тегтер: