Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:11, 25 Ақпан 2024

Қазақстан көші-қон саясатының концепциясы

көші қон
Фото: из открытых источников

Әрбір мемелекет өз аумағындағы және өз азаматтарының көші-қон үрдісін назарда ұстап, оған өзіндік саясат пен бағыттар ұстанады.

Әрі ол уақыт талабына сай өзгерістерге ұшырайды. Мәселен, біздің елдегі соңғы көші қон саясатын алып қарайық. Қазақстан көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасының концепциясы бойынша бірнеше басым бағыт пен мақсаттар белгіленген. Олар өз кезегінде жалпы прцесс пен жағдайды тұрақтандыруға, оңтайландыруға бағытталады.

Мәселен, оның бірінші бағыты білім саласын қатысты – Қазақстанды өңірлік білім беру хабы ретінде айқындау. Оның мақсаты елімізге ғалымдар мен академиялық ұтқырылық бойынша шетелдік студенттерді тарту. Келесі біреуі еліміздің экономикалық келбетіне байланысты. Бұл орайда Қазақстан әлемдік бәсеке дамыған кезеңде инвестициялық тұрғыдан тартымды, қаржылай белсенділік пен жаңа мүмкіндіктердің, экономикалық тәуелсізідктің мекені бола алуы керек. Өз кезегінде осы арқылы бизнес-иммиграцияны дамытуға мүмкіндік зор. Үшінші бағыт болса еңбек пен кадрлық саясатқа, мамандар тартуға қатысты. Әсіресе, елімізде тапшы мамандық иелері мен жоғары білікті кадрларды тарту өте тиімді. Олар арқылы өз еліміздің кадрларының біліктілігін көтеруге де мүмкіндік болары сөзсіз. Төртінші бағыт, этникалық қазақтарды, біртуған қандастарды тарихи отанына оралтуға ықпал жасау. Бұл орайда қандастарға құжат, көші-қон, тұрғын үй жағынан игіліктер қарастырылуы керек екенін атап өткен жөн. Келесі, пана іздеген босқындарға байланысты халықаралық міндеттемелерді орындаудағы құлықтылық пен тиянақтылық және азаматтығы жоқтарға ел территориясында көмек көрсету. Әрине, Қазақстан азаматтығы бар еңбек мигранттардың құқығын қорғау жағы да өз алдына бөлек мәселе. Және ең соңғысы ел ішіндегі демографиялық мәселелер мен кадр жетіспеушілігі көрсеткішіне байланысты өңірлер арасындағы көші-қонға қатысты бағдарламаларды қайта қарау. Осы жеті бағыт жалпы көші-қон саясатының тармақтары болып табылады.

Ал қазіргі ахуалға тоқталатын болсақ, қазақстандықтардың эмиграциясы көбіне жас ерекшелігінің жастығымен және еңбекке қабілеттілігімен сипатталады. Алайда, бұл оқуға, ізденуге кетіп жатқан жастар екені қуантады. Бәрімізге белгілі, еліміз қазір әлемдік білім беру ордаларында да, алдыңғы қатарлы елдерде де, білім нарығында да белсенді қатысушы болып табылады. Әрі біздің жастарымыз көбіне-көп сапалы білім беретін, беделді жоғарғы оқу орындарына баруда. Бұл орайда Қазақстан да, әсере ірі қалаларымыз мигранттар үшін тартымды болып отырған жайы бар. Әсіресе, инфрақұрылымы мен мүмкіндіктер жағынан озық тұрған қалалар шетелдік мамандарды ғана емес, ел ішіндегі азаматтарды да қызықтыратыны белгілі. Қазіргі статистикаға қарап, ел азаматтарының қалада тұруға деген ерекше ұмтылысын байқауға болады. Әлбетте, мемлекеттік саясат тұрғысынан қарағанда урбанизация дамуға жол ашады. Оны тіпті катализатор деп атауға әбден болады. Десек те, ауылдық өңірлерден жаппай қалаға үдере көшу де ірі қалаларда қиындықтар туғызып жатады. Оның ең айқын мысалы мегаполистердегі жылдан жылға ұлғайып келе жатқан кептеліс.

Ал сырттағы жағдайға келер болсақ, қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен көші-қон ағынын реттеу бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Себебі, көршілес елдердегі геосаяси жағдайды ескере отырып, Қазақстан еңбек мигранттары үшін ЕАЭО елдерінің ішінде тартымды болып қала береді деп болжанып отыр. Жүргізілген болжалды есептерге қарасақ, Ресей Федерациясында жағдай ушыға қалса өз елінен Қазақстанға уақытша немесе тұрақты қоныс аударуға бел буатындар саны 818 мыңды құрайды екен.