Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:24, 29 Мамыр 2024

Қазақстан мен Беларусь қарулы күштері бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді

c
Фото: из открытых источников

Қазақстан мен Беларусь қарулы күштерінің әскери әуеайлақтарында әскери әуе кемелерін қабылдау туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы 

Қорғаныс министрлігі кездесу барысында генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен генерал-лейтенант Виктор Хренин жауынгерлік дайындық, бірлескен оқу-жаттығулар, әскери-спорттық жарыстар өткізу мәселелеріне тоқталғаны айтты.

Тараптардың айтуынша, ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – әскери білім беру. Беларусь әскери жоғары оқу орындарында қазақстандық офицерлер мен курсанттар білім алып жүр. Жуырда Беларусь Республикасының Әскери академиясында Қазақстан Республикасының Әскери өнер аудиториясы ашылмақ.

Қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастық жоспарын іске асырудың жоғары қарқынын атап өтіп, Қазақстан мен Беларусь қарулы күштерінің әскери әуеайлақтарында әскери әуе кемелерін қабылдауды, әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етуді және күзетуді ұйымдастыру туралы келісімге қол қойды, делінген хабарламада.

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Тегтер: