Без Категории

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2,5 есеге артады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 100 миллиард долларға дейін жететінін айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

в

Бұл туралы Президент Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунмен кездесуде айтты. 

Екіжақты сауда-саттықтың көлемі бойынша көш бастап тұрған Қытай – Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 40 миллиард долларға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Біз мұны 100 миллиард долларға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл мақсатқа қол жеткізуге болады, деді Тоқаев.

Сонымен қатар, кездесу барысында сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, энергетика және туризм салаларындағы ықпалдастықты нығайту перспективалары, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланғаны айтылды.

Фото: Ақорда

Тегтер: Қытай
Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз