Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:43, 02 Шілде 2024

Қазақстан мен Қытай газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттырады

ү
Фото: ҚР Үкіметі

ҚР Үкімет басшысы Олжас Бектенов қытайлық CNPC компаниясының басшысы Дай Хоулянмен энергетика саласындағы бірлескен жобаларды талқылады.

Тараптар Шымкент мұнай өңдеу зауытын (МӨЗ) кеңейтуді ескере отырып, зауытты шикізаттың жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету және Кеңқияқ – Атырау, Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларын кеңейту шаралары қарады. Қазіргі уақытта қазақстандық және қытайлық сарапшылар қажетті есептер жүргізуде. 

Кездесу барысында Олжас Бектенов пен Дай Хоулян «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының бірінші желісін салу және іске қосу бойынша табысты жүзеге асырылған бірлескен жобаны мысалға ала отырып, газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру перспективаларына тоқталды, делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібіне $45 млрд астам қаражат салған. Ел бойынша CNPC кәсіпорындарында 30 мыңнан астам адам еңбек етеді, олардың 98,3%-ы – қазақстандықтар.