Бүгін, 18:00
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия біріншілігіне жолдама алды

Алматыда үстел теннисінен өткен Орталық Азияның аймақтық іріктеу турнирі аяқталды.
1-2 орын алған командалар 29-шы жастар арасындағы Азия чемпионатына жолдама жеңіп алды. Аталмыш дода биыл Ташкентте (Өзбекстан) өтеді.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
Жігіттер:
1. Иран
2. Қазақстан
3. Өзбекстан
4. Қырғызстан
Қыздар:
1. Иран
2. Өзбекстан
3. Қазақстан
4. Қырғызстан
Осылайша, Қазақстан жігіттер командасы Азия чемпионатына тікелей жолдама иеленді.