спорт

Қаза тапқандардың ішінде самбодан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері бар

2026 жылғы 24 қыркүйекте Ақтау маңындағы Каспий теңізі акваториясында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде Маңғыстау облысындағы «Жас Батыр» спорт мектебінің тәрбиеленушісі Сержан Аяпберген  қаза тапты.

 Сержан Аяпберген 

Сержан жастайынан спортпен айналысқан. Ол самбо және дзюдодан облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда Маңғыстау облысының намысын қорғаған.

Ол:

🔺жасөспірімдер арасында самбодан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері;

🔺студенттер арасында самбодан ТМД ойындарының күміс жүлдегері;

🔺дзюдодан халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы;

🔺спорт шеберлігіне үміткер атанған.

«Жарқын спорттық жетістіктерімен қатар, Сержан Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып, елін қорғау жолында қаза тапты. Аяпберген Сержан Талғатұлының мезгілсіз қазасына байланысты отбасына, туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне және барша спорт қауымдастығына қайғырып көңіл айтамыз. Осы ауыр сәтте туған-тустарына күш пен сабыр тілейміз», - делінген «Жас Батыр» спорт мектебінің хабарламасында.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз