Әлеумет

Қазақстанда 1 300-ден астам сотталған азамат рақымшылықпен босатылды

Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық туралы заңның орындалу барысы тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді.

Амнистия

Ведомствоның мәліметінше, заң күшіне енген алғашқы күннен бастап барлық өңірлік бөлімшелерде рақымшылықты іске асыру бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылған. Бүгінде соттарға 10 мыңнан астам материал жолданған. Оның шамамен 4 400-ін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, ал 6 900-ден астамын пробация қызметтері дайындаған.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаевтың айтуынша, қазіргі уақытқа дейін соттар мыңнан астам материалды қарап үлгерген. Нәтижесінде түзеу мекемелерінен 620 адам босатылып, олар әкімшілік қадағалауға алынған. Сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұрған тағы 724 азамат жазасын өтеуден босатылды. Бұдан бөлек, 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.

ІІМ әрбір сотталғанға рақымшылық жеке тәртіппен қолданылатынын атап өтті. Материалдар әр іс бойынша жеке қаралады, ал түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз