Қоғам

Қазақстанда АЕК мөлшері өседі

Қазақстанда келесі жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемі өзгеруі мүмкін.

ақша

Қаржы министрлігі 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын жариялады. Құжаттағы жоспар бойынша, 2027 жылы АЕК 4 693 теңге болады. Биыл оның мөлшері 4 325 теңге болып белгіленген.

Сонымен қатар келесі жылға басқа да негізгі көрсеткіштер ұсынылған: ең төменгі жалақы – 85 мың теңге; ең төменгі зейнетақы – 74 919 теңге.

2026 жылы бұл көрсеткіш 69 049 теңге; ең төменгі күнкөріс деңгейі – 55 173 теңге. Биыл ол 50 851 теңге. Аталған сомалар әзірге түпкілікті бекітілген жоқ. Құжат алдымен көпшілік талқылауына ұсынылады.

Одан кейін заңда белгіленген тәртіппен депутаттардың қарауына енгізіліп, қабылданған жағдайда Президенттің қол қоюына жіберіледі.

Тегтер: АЕК қаржы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз