Қазақстанда АЭС салуға үміткер мемлекеттер тізімі жаңарды
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан екі америкалық компанияның атом электр станцияларын салу бойынша ұсыныстарын қосымша қарастырып жатқанын айтты.
«Росатом» компаниясынан басқа, француздың EDF, Корея, Қытай Халық Республикасы компаниялары өтінім жіберді, сонымен қатар екі американдық компания – General Electric және NuScale үміткерлер қатарында. Мәселелер заңнамаға, республикалық референдум туралы конституциялық заңға сәйкес қалыптасады», - деді ҚР Энергетика министрі.
Сәтқалиевтің айтуынша, шешім референдум өткеннен кейін қабылданады.
Бұған дейін Энергетика министрлігі Қазақстандағы бірінші атом электр станциясы салынатын жерді анықтаған болатын. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша АЭС салуға ең қолайлы аумақ ретінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы таңдалды.