Сараптама

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдер күрт қымбаттап жатыр

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша жағдай әлі де күрделі күйінде қалып отыр.

ет бағасы

2026 жылғы 15 сәуірдегі дерекке сәйкес, бұл санаттағы өнімдер бір жылда 5,1%-ға қымбаттаған. Жыл басынан бергі өсім – 1,4%.

 Бұл туралы Energyprom.kz мәлімет таратты.

Салыстыру үшін, өткен жылдың осы кезеңінде жылдық өсім 5,7%, ал жыл басынан бері 4,7% болған. Яғни, формалды түрде қарқын бәсеңдегенімен, қазақстандықтардың қалтасына түсетін қысым сақталып отыр.

Тізім кеңейді, бақылау қиындады

2026 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді. Оған ет және сүт өнімдері, көкөністер мен бакалея тауарларының жаңа түрлері қосылды.

Бұл жергілікті атқарушы органдарға бағаны бақылау мен мониторинг жүргізу жүктемесін айтарлықтай арттырды.

Баға қай қалаларда өсіп жатыр?

Сәуір айының ортасындағы жағдай бойынша ең жоғары өсім Ақтау қаласында тіркелген — 9,1%.

Одан кейін:

Жезқазған — 8%;

Талдықорған — 7,2%.

Жыл басынан бері де осы қалалар алда:

Жезқазған — 5,9%;

Ақтау — 4,5%;

Талдықорған — 3,6%.

Ал ең төмен өсім:

Қонаев — 3,4%;

Павлодар және Көкшетау — 4,2%.

Жыл басынан бергі ең төмен көрсеткіштер:

Павлодар, Атырау, Ақтөбе — 0,8%.

Бұл деректер өңірлердегі бағаны тежеу шараларының тиімділігі әртүрлі екенін көрсетеді. Әкімдіктер сауда үстемелерін бақылап, тұрақтандыру тетіктерін қолдануы тиіс болғанымен, кейбір қалаларда бұл механизмдер нәтиже бермей отыр.

Мегаполистердегі жағдай

Ірі қалаларда жағдай салыстырмалы түрде тұрақты болғанымен, баға өсімі байқалады.

Астана және Алматы — жылдық өсім 5,2%;

Шымкент — 5,7%.

Жыл басынан бері өсім 1–1,3% аралығында.

ет бағасы
Фото: Жас Алаш коллаж

Ет — қымбатшылықтың басты драйвері

Азық-түлік инфляциясына ең үлкен үлесті ет өнімдері қосқан.

Бір жылда:

қой еті — 22%-ға;

сиыр еті (сүйексіз) — 20,9%-ға;

тартылған ет — 19,5%-ға;

сиыр еті (сүйекті) — 18,7%-ға;

сәбіз — 20%-ға қымбаттаған.

Ал кейбір көкөністер маусымдық фактор әсерінен арзандаған:

қияр — 43,3%-ға;

пияз — 28%-ға;

қырыққабат — 25,4%-ға;

картоп — 12,9%-ға.

Дегенмен бұл арзандау ет бағасының күрт өсуін өтей алмай отыр.

Ет бағасы қанша?

15 сәуірдегі орташа бағалар:

сиыр еті (сүйекті) — 3,7 мың теңге/кг;

сиыр еті (сүйексіз) — 4,9 мың теңге;

қой еті — шамамен 4 мың теңге.

Жекелеген қалаларда баға жоғары:

Астанада сүйексіз сиыр еті — 6 мың теңгеден асады;

Өскемен мен Алматыда сүйекті сиыр еті — 4–4,1 мың теңге;

Алматы мен Ақтауда қой еті — 4,4 мың теңге.

Аймақтар арасындағы айырмашылық ушығып барады

Баға айырмашылығы күрт өскен:

сүйекті сиыр етінде — 26% (Ақтөбеде 3,2 мың теңге);

сүйексіз сиыр етінде — 41,5% (Павлодарда 4,2 мың теңге);

қой етінде — шамамен 39% (Оралда 3,2 мың теңге).

Бұл тек логистикамен емес, жергілікті нарықтағы бәсекелестік пен бағаны бақылау тиімділігімен де байланысты.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз