Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:27, 29 Ақпан 2024

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі: нені білу керек

уақыт белдеу
Фото: из открытых источников

Бүгін, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне ауысады. Кей өңірлерде сағат өзгереді.

Үкіметтің "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" қаулысына өзгерістер енгізілген болатын.

"Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қоюы керек", - делінген қаулыда.

Гаджеттердегі уақытты қалай өзгертуге болады?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сағат белдеуінің өзгеруіне қатысты ұсынымдар жариялады. Құрылғыда автоматты жаңарту қосулы болса, уақытты автоматты анықтау параметрлерде қосылған және интернетке қосулы болған жағдайда, уақыт автоматты түрде өзгереді, егер болмаса, оны қолмен өзгерту керек. Жалпы ұсыныстар Интернет байланысын тексеріңіз. Уақытты автоматты түрде жаңарту үшін құрылғы желіге қосулы болуы керек. Уақытты автоматты түрде жаңартуды қосыңыз. Көптеген құрылғылар онлайн уақыт қызметтерін пайдаланып күн мен уақытты автоматты түрде жаңартуға мүмкіндік береді. Құрылғыны қайта іске қосыңыз. Кейде өзгертулер күшіне енуі үшін қайта іске қосу қажет.