Қазақстанда қырғыз азаматтарға Қырғызстанның нөмірі бар көліктерді жүргізуге тыйым салынды
Қырғызстан азаматтарына Қырғызстанның мемлекеттік нөмірі бар көліктерді Қазақстанда жүргізуге тыйым салынды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
«Олар тұруға ықтиярхаты бар екенін және Қырғызстанның мемлекеттік нөмірі бар көліктерді басқаруға тыйым салынғанын айтты. Олар сақтандыру полисін бермейді, жол полициясы қызметкерлері тексеріс жүргізіп, қырғызстандық нөмірлері бар көліктерді қамауға алып, Қазақстан куәлігін алуды талап етеді. Бұл жол қозғалысы туралы БҰҰ конвенциясын бұзу болып табылады. Онда жергілікті куәліктері бар жүргізушілер осы конвенцияға қол қойған елдердің аумағында емін-еркін жүре алатыны анық жазылған», - деді қырғыз депутаты Эмил Токтошев.
Ол мигранттардың Қазақстандағы Қырғызстан елшілігіне хабарласқанын, бірақ жауап алмағанын айтты.
«Біз ЕАЭО мүшелеріміз. Ресейде мұндай тыйым жоқ. Мәселені шешу керек», - деді депутат президенттің парламенттегі өкілі Алмасбек Абытовқа.