Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:09, 13 Ақпан 2024

Қазақстанда қосымша құн салығы көтеріле ме?

Қосымша құн салығы
Фото: из открытых источников

Бұл туралы үкімет отырысында үкімет басшысы Қазақстанда қосымша құн салығы көтерілмейтінін айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

– Маңызды мәселе: қосымша құн салығы көтерілмейді. Бюджетті толтырудың басқа жолдарын табу керек, – деді ол үкіметтің бүгінгі отырысында.

Еске салайық, бұған дейін үкіметтің пленарлық отырысында жаңа салық кодексі бойынша қосымша құн салығы 12 пайыздан 16 пайызға көтеру көзделген еді. Алайда мемлекет басшысы  бұл бастаманы қолдамайтынын, ҚҚС-ты көтеру мәселені шешпейтінін айтқан.