Қоғам

Қазақстанда Құрбан айт қарсаңында мал бағасы қымбаттады

Елде мал бағасы да айтарлықтай қымбаттаған. Наурыз айындағы орташа есеп бойынша бір сиырдың бағасы 489 мың теңгеден асса, бұқа 526 мың теңге, жылқы 581 мың теңге шамасында сатылған, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Құрбандық шалу, мал бағасы

Түйенің орташа бағасы 800 мың теңгеден жоғары. Қойдың орташа құны 77 мың теңге болса, ешкі 46 мың теңгеден сатылып жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, Құрбан айт қарсаңындағы маусымдық сұраныс та бағаның өсуіне әсер етіп отыр. Биыл Қазақстанда алғаш рет ҚМДБ арқылы құрбандық шалуды онлайн ұйымдастыру жүйесі іске қосылды. Соған қарамастан, құрбандыққа шалынатын мал бағасы өңірлерде айтарлықтай жоғары деңгейде сақталып отыр.

Мәселен, ірі қара үшін 630 мыңнан 945 мың теңгеге дейін, қой үшін 100-150 мың теңге аралығында төлеуге тура келеді. Өндірушілердің мал өнімдеріне қойған бағасы да өскен. Сәуір айында ірі қара құны былтырғы жылмен салыстырғанда 15,6%-ға, жылқы 9%-ға, қой 8,8%-ға қымбаттаған.

Бағаның ең қатты өсуі Абай облысында байқалды.

Осылайша, Қазақстанда мал саны көбейгенімен, нарықтағы баға да қатар өсіп келеді. Мамандар мұны ішкі сұраныстың артуымен және маусымдық факторлармен байланыстырып отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз