Экономика

Қазақстанда орташа жалақыны есептеу тәртібіне өзгерістер енгізілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 28 мамырда орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.

жалақы

Түзетулер орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін төлемдер мен өтемақылардың тізімін нақтылауға бағытталған.

Атап айтқанда, енді орташа жалақыны есептеу барысында жұмыс беруші қызметкерлерге беретін сүттің немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерінің, диеталық емдік және профилактикалық тағамның, арнайы киімнің және еңбек заңнамасына сәйкес ұсынылатын өзге де жеке қорғаныс құралдарының құны есепке алынбайды.

Бұған дейін құжатта «диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған мамандандырылған өнімдер» деген тұжырым қолданылып келген. Жаңа редакция қолданыстағы заңнамадағы терминологияға сәйкестендірілді.

Министрліктің мәліметінше, өзгерістер орташа жалақыны есептеу тәртібін нақтылап, құқықтық нормаларды біріздендіруге бағытталған.

Жаңартылған бұйрық 2026 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз