Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:51, 26 Ақпан 2024

«Қазақстандағы ең бай зейнеткер» қанша алады?

БЖЗҚ
Фото: из открытых источников

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Қазақстандағы ең жоғары зейнетақының мөлшерін жариялады.

Қордың мәліметінше, 2024 жылдың қаңтарында БЖЗҚ 63,4 млрд теңгеден астам қаржы аударған, оның ішінде жасына байланысты төлемдер 15,5 млрд теңгені, тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері 28,6 млрд теңгеден астам, сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 10,8 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 4,4 млрд теңге, Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 2,8 млрд теңге, жерлеу төлемдері – 966,9 млн теңге және мүгедектігі бойынша төлемдер – 280,4 млн теңгені құраған. 

«Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты кесте бойынша БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлемнің мөлшері 34 162 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары мөлшері 945 752 теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылы бірыңғай зейнетақы қорынан кесте бойынша орташа айлық төлем 32 040 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары мөлшері 742 692 теңгені құрады. Осылайша, «ең бай зейнеткер» үшін ай сайынғы ең жоғары төлем мөлшері бір жылда 203 060 теңгеге өсті.