16:41, 08 Желтоқсан 2023
Қазақстандық ашық суда жүзуден тұңғыш әлем чемпионы атанды
Ашық суда жүзуден өткен "Oceanman" халықаралық жарысының жеңімпазы атанған елордалық Алпамыс Әмір елге оралды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Алпамыс Әмірді Астана әуежайынан туыстары мен ұстаздары күтіп алды. Жалпы Таиландта болған жарысқа әлемнің 70 елінен жүздеген спортшы қатысқан. 2 шақырым қашықтықта «Инсперэйшн» санатында отандасымыз оқ бойы оза шауып, 1-орын иеленді. Алпамысқа туғаннан аутизм диагнозы қойылған. Айта кетейік, Oceanman әлем чемпионаты 20 жылдан бері өткізіліп келе жатқан спорттық жарыстардың бірі.
Дина Темірғалиева, «Интелликтуалды даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ президенті:
Оқушымыз әлем чемпионатына жолдаманы биыл Қонаев қаласында өткен дода жеңіп алды. Ол жерде де ашық суда жүзіп, үздік шықты. 1 жарым шақырымда өзінің санатында бірінші орын алған еді. Мен шәкіртіммен мақтанамын. Әлемдік сайыста еліміздің атын шығарып, өзінің мықтылығын дәлелдеді.