Қоғам

Қазақстандық әйел Түркияда жұмбақ жағдайда қаза тапты

Түркияның Анталия қаласында 43 жастағы әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды. Оның денесі Коньяалты ауданындағы үйінен табылған.

Түркия

Түркиялық БАҚ мәліметінше, әйелдің мәйітін күйеуі тапқан. Оқиға орнына дәрігерлермен бірге тергеу тобы мен прокурор барған. Алғашқы тексеру кезінде күмән тудырған жайттар анықталғандықтан, қосымша сараптама тағайындалған.

Оқиға орнын қарағаннан кейін әйелдің денесі Анталия сот-медицина институтына жіберілген. Мамандар өлімнің нақты себебін анықтауы тиіс. Марқұмның күйеуі мен 7 жастағы қызы болғаны хабарланды.

Осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, көз жұмған әйел Қазақстан азаматы емес.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ол Түркия азаматы және Түркия азаматына тұрмысқа шыққан», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз