Бүгін, 11:30
Қазақстандық конькиші әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин Томашов Мазовецкиде (Польша) өткен әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.
Республиканың Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлағандай, спортшы 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті.
«Оның мәре уақыты 34,52 болды», - делінген ҰОК мәлімдемесінде.
Екінші орынды канадалық Лоран Дубрел иеленді -34,70. Қола жүлдені Марек Кания (Польша) жеңіп алды – 34,76.