14:00, 13 Ақпан 2025
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Азия ойындарында жүлдесіз қалды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының финалында еркін бағдарламасын орындады.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 17 жастағы мәнерлеп сырғанаушы жапондық конькиші Каори Сакамотодан 12 ұпайға қалып, төртінші орынға тұрақтады.
Еркін бағдарламада София өз бағдарламасын құламай сырғанауға үлгерді, бірақ элементтердің бірінде қателік жіберілді, бұл оған ең жақсы нәтиже көрсетуге мүмкіндік бермеді. Барлығы мәнерлеп сырғанаушы 188,43 ұпай жинады. Бұл төртінші орынға ие болу үшін жеткілікті болды, бірақ медальдар Жапония мен Оңтүстік Корея өкілдеріне бұйырды.