Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:32, 29 Қаңтар 2024

Қазақстандық олигархтар активтерді қай елдерге шығарып жатыр

олигарх
Фото: из открытых источников

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи заңсыз алынған мүлікті қайтару жұмыстарының нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

 

 

Бапидің айтуынша, бүгінге дейін елге бір триллион теңгеге жуық активтер қайтарылған.

Бүгінгі таңда 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектісі анықталды, оның ішінде 131 нысан шетелде, 448 млрд теңгенің құнды қағаздары бойынша мәліметтер алынды, 220 триллион теңгенің банк операциялары, оның ішінде 1,4 триллион теңгенің күдікті операциялары зерттелуде», - деді мәжілісмен.

Бапи қайтарылған активтер сомасына «Қазақстан халқына» қорына түскен қаржы да кіреді деп есептейді.

Белгілі болғандай, Лихтенштейннен 260 миллион доллар, Австриядан 82 миллион, БАӘ-ден 15 миллион және Гонконгтан 2 миллион доллар қайтарылған.

Еске салайық, Қазақстанда заңсыз алынған мүлікті қайтару тізіміне жаңа тұлғалар енгізілді.