Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР АЗИЯ КУБОГЫНДА ТОП ЖАРДЫ!

2025 жылғы 19–20 шілде күндері Малайзияның Кампар қаласында өткен триатлоннан U19 санатындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы керемет жетістікке жетіп, басты сенсацияға айналды.

1

17 елден келген 85 үздік жас спортшы қатысқан бәсекеде біздің спортшылар дара шықты — олар жекелей сында да, командалық эстафетада да жеңімпаз атанды.

🥇 Жекелей сындағы жеңістер

  • Айнегов Рамазан — Азия кубогының чемпионы! Ол спринтерлік қашықтықта өзгелерден оқ бойы озып, үздік техникасы мен мықты дайындығын дәлелдеді.

  • Қанай Елмұрат — қола жүлде иегері. 

Бұл екі жүлде — Қазақстан жасөспірімдер құрамасының болашағы зор екенін айқын көрсетіп берді.

🏅 Аралас эстафетадағы алтын

Mixed Relay (аралас эстафета) сайысында Қазақстан құрамасы:

  • Ержанова Диана

  • Крупяков Илья

  • Нұрмұхамет Алуа

  • Оразбек Аманат

жоғары нәтиже көрсетіп, Оңтүстік Корея (2-орын) мен Сингапурды (3-орын) артта қалдырды. Азияның алдыңғы қатарлы командаларының арасында топ жару — үлкен жетістік.

Тегтер: спорт
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз