Қазақстандықтар несиесін несиемен жабады – депутат
Мәжіліс отырысында Жоғары аудиторлық палатаның есебінен кейін депутат Азат Перуашев елдің сыртқы қарызына қатысты алаңдатарлық деректер келтірді. Оның айтуынша, Ұлттық банктің мәліметі бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 182 млрд долларға жуықтаған.
Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 10,4%-ға өсіп, соңғы 17 жылдағы ең жоғары қарқынға жеткен.
Депутаттың сөзінше, жаңа алынған қарыздардың едәуір бөлігі бұрынғы міндеттемелерді өтеуге жұмсалады.
«Жыл сайын жаңа қарыздардың шамамен 36%-ы бұрынғы қарыздарды жабуға кетеді. Яғни «кредитті жаңа кредитпен жабу» принципі жұмыс істеп отыр. Ал 2025 жылы мұндай әрекет көлемі 51%-ға дейін өскен», – деді ол.