Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:46, 01 Ақпан 2024

Қазақстанға кіруге тыйым салынған "қара тізімдегілер" кімдер?

қара тізім
Фото: из открытых источников

«Персона нон-грата тізімі» – саяси қысым жасау құралы.

22 қаңтарда сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров  “Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр" деп айыптаған ресейлік журналист Канделаки ел аумағына кіре алмайтын тұлғалардың қатарына қосылатынын айтқан болатын.

Персона нон грата - елдің саяси ұстанымдарына көзқарасы қайшы келетін, елге кіруіне тиым салынған шетелдік саясаткер немесе қайраткер. Дипломатияда шетелдік өкілдік басшысы ретінде тағайындалғанына қарамастан, қабылдаушы елдің келісімі берілмеген дипломатиялық өкіл немесе қабылдаушы елге кіруге рұқсат (кіру визасын) етілмеген дипломатиялық қызметкерді персона нон грата деп атайды.

2023 жылы СІМ ресми өкілі Смадияров Қазақстан туралы жағымсыз пікір айтқан адамдардың тізімі жасалғанын айтқан болатын. Бұл тізімде кімдер бар?

Қазақстанға қоқан-лоқы сипатында мәлімдеме жасаған Ресей пропагандисі Тегран Кеосаянның осы тізімге қосылған. Ол Қазақстан 9-мамырда жеңіс парадын өткізуден бас тартқанда «Украинаның басына туған күн Қазақстанға да келуі мүмкін» деп мәлімдеме жасаған. 

Сондай-ақ еліміздің территориялық тұтастығына қатысты мәлімдеме жасаған Ресей мемлекеттік думасының депутаты Константин Затулин де осы тізімге кірген. Алайда 2023 жылы Қазақстанға келгенінде Ресей СІМ араласуымен шекарадан өткен. 

«Олар (Қазақстан) орыстар көп тұратын аймақтардың Қазақстан деп аталатын елге қатысы аз екенін білулері керек. Қазақстан тайғанақ жолға түсті, бұл Ресей тарапынан ескерусіз қалмайды», - деп мәлімдеме жасады.