Қоғам

Қазақстаннан көмір экспорттауға тыйым салынды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі қол қойған бұйрық бойынша ел аумағынан алты ай мерзімге көмірдің кейбір түрлерін автомобильмен әкетуге тыйым салынады

көмір

Атап айтқана, тас көмір, брикеттер (түйіршіктер және көмірден алынған ұқсас қатты отындар), көмір(ұнтақталған немесе ұнтақталмаған, бірақ агломерацияланбаған), қоңыр көмір немесе сұр көмір(агломерацияланған немесе агломерацияланбаған, гагаттан басқа).

Бұйрық 2023 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енеді және 2023 жылғы 26 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Айта кетейік, бұдан бұрын қостанайлықтар көмір тапшылығына шағымданған болатын.Шұбаркөл көмірі тапшы, сондай-ақ халық қала маңындағы ауылдарда көмір жоғын жарыса жазып жатыр.

 

Жангүл Есениязова
Жангүл Есениязова Жангүл Есениязова

Оқыңыз