Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:10, 16 Мамыр 2024

Қазақстанның экономикалық өсімі 0,5 пайызға төмендеген

ч
Фото: из открытых источников

Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанның 2024 жылға арналған экономикалық өсімі 0,5 пайызға төмендеп, 4,5 пайызға жетті, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Мұның себебі - елдегі су тасқынына байланысты болған. Институттың қыркүйек айындағы болжамында биыл ЖІӨ 5% өседі деп күтілген. Алайда су тасқыны жағдайына байланысты банк өз болжамдарын қайта қарады.

«Мемлекеттік шығындардың ұлғаюы оның жиынтық сұранысқа әсерін жұмсартады деп күтілуде, су тасқынының әсерін әлі де нақты бағалау қажет», - деді ЕҚДБ.

Бұл ретте ЕҚДБ 2025 жылы ЖІӨ өсімін 5,5% құрайды деп болжайды. Бұл өсім мұнай өндірудің артуы, ауыл шаруашылығының жандануы және ықтимал жекешелендіру есебінен болады.

Фото: pixabay

Тегтер: