Қоғам

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағының иегерлері белгілі болды

Педагогтерге 1 мың АЕК көлемінде біржолғы төлемақы берілді

1

Президент Жарлығымен білім берудегі айрықша жетістіктері мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін еліміздің 17 педагогіне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен білім саласына қосқан еңбегі үшін осы мамандар марапатталды:

  • Забида Ахмедова – Жамбыл облысы Тараз қаласы «Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы» КММ мұғалімі;
  • Баян Базарғалиева – Ақтөбе облысы «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ мұғалімі;
  • Зәуреш Даумова – Қостанай облысы «Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі;
  • Толқын Дуланбаева – Шығыс Қазақстан облысы «Ю. Гагарин атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі;
  • Айгүл Ержанова – Астана қаласы «Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі» КММ мұғалімі;
  • Әсемкүл Жақсылықова – Қызылорда облысы «Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ мұғалімі;
  • Сәбит Ибадуллин — Павлодар облысы «Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені» КММ мұғалімі;
  • Светлана Исаева – Жетісу облысы Талдықорған қаласы «М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі;
  • Айжан Қапезова – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ мұғалімі;
  • Сәбира Күлпейісова – Қарағанды облысы Қарағанды қаласы «А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі;
  • Марфуға Күнтаева – Шымкент қаласы «Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы» МКК мұғалімі;
  • Әлия Қадирова – Маңғыстау облысы «Ақшұқыр мектеп-лицейі» КММ мұғалімі;
  • Серік Қазиханов – Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ мұғалімі;
  • Майра Мамбетова – Алматы қаласы, еңбек ардагері;
  • Рысжан Нұршина – Ұлытау облысы Жезқазған қаласы «№8 гимназия» КММ мұғалімі;
  • Роза Салимова – Түркістан облысы «С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты» КММ мұғалімі;
  • Ардақ Хайрлиева – Атырау қаласы «М.Өтемісов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ мұғалімі.
Т. РАУШАНҰЛЫ
Т. РАУШАНҰЛЫ Т. РАУШАНҰЛЫ

Оқыңыз