Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:31, 19 Қаңтар 2024

"Қазақта ажал деген сөз бар": министр Жаркенттегі сарбаз өлімі туралы

сарбаз өлімі
Фото: из открытых источников

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Жетісу облысындағы әскерге шақырылған сарбаздың қазасы туралы айтып, оның себебін де атады,  деп хабарлайды Zhasalash.kz.

"Бұл ауру. Бұл менингиттің фульминантты түрі. Өкінішке қарай, міндетті түрде тапсыратын медициналық анализдердің тізімінде менингитке тексерілу жоқ. Қазір оны тізімге қосу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осы жағдайдан кейін тиісті шешім қабылдадым, тиісті қаржы бөлінді. Яғни әскери бөлімге сарбаздар келгеннен кейін жігіттерде 100 пайыз менингокок бар-жоғын тексереміз. Егер ауру анықталған жағдайда жеті күн ішінде дәрі-дәрмекпен емделеді. Бұл енді қайталанбайды", - деп сендірді министр.  

БАҚ өкілдері министрге марқұм Әмір Байтұрғановтың ата-анасы балаларының менингиттен қаза болғанына сенбейтінін жеткізді. 

"Мен өзім әкемін. Түсінемін. Бұл бәріміз үшін қайғылы жағдай. Бірақ қазақта бұндайды ажал дейді"  деп қосты Руслан Жақсылықов.