Аймақ

Қазыналы қарт тазалықты қолдайды

Қарқаралы ауданында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ұлттық саябақта сенбілік өтті.

1

 Оған табиғи қорықтың қызметкерлері, еріктілер мен қала тазалығына бей-жай қарамайтын белсенді тұрғындар қатысты.

Табиғи паркте жалпы халықтың күш-жігермен 20 мың шаршы метрден астам аумақтан қоқыс шығарылды.

Сондай-ақ сенбілік Қарқаралы аудандық орталық ауруханасының аумағында және қала көшелерінде өтті. Қатысушылар шамамен 5 мың шаршы метр аумақты тазалады.

1

– Біз әрдайым экологиялық акцияларды қолдаймыз. Жасым сексеннен асса да, осындай сенбіліктерге қатысамын. Ұрпақтарымызға таза және көркем табиғат қалдыру – біздің үлкен міндетіміз. Жеріміз құнарлы болып, еліміз өркендесін! – деп бата берді 80 жастағы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ойрат Жүкібаев.

Экоакция басталғаннан бері (8 сәуірден бастап) Қарқаралы ауданының аумағында сенбіліктерге 2 мыңға жуық адам қатысты.

1

Тазалық жұмыстарына 40-қа жуық техника жұмылдырылды, ҚТҚ полигондарына 800 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, ескерткіштер мен мемориалдардың маңы абаттандырылды.

Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тазартылмаған аумақтар үшін бес әкімшілік хаттама жасады.

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз