Оқиғалар

Кентауда көпқабатты үйдің ауласынан адам денесі табылды деген хабар жалған болып шықты

Кентауда полицияға Яссауи даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан адам денесі табылғаны туралы ақпарат түсті.

Қылмыс

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы бірден шықты. Полиция аталған аумақты, соның ішінде қоқыс жәшіктерін тексерді. Ақпарат расталған жоқ. Қазіргі уақытта хабарламаның шыққан көзі және оның таралу жолдары анықталып жатыр.

Тексеру нәтижесінде заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады. ️

Полиция азаматтарды тексерілмеген ақпараттарды таратпауға шақырады және көрінеу жалған ақпарат үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Тегтер: қылмыс Кентау
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз