Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:33, 10 Шілде 2024

Қырғызстан президентінің жиеніне ұсыныс жасаған жігіт ұсталды

е
Фото: видеодан кадр

Қырғызстан президентінің жиені Лаззат Нұрқожаеваның күйеу жігіті Афтандил Сабырбеков есірткі сатумен айналысты деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы 24.kg агенттігі хабарлады. 

Сабырбеков Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 282-бабының 3-бөлігі «Аса ірі көлемде өткізу мақсатында есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және сол тектестерді заңсыз дайындау» бойынша айыпталып отыр.

Мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ол қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Сабырбеков жалға алған тікұшақпен Садыр Жапаровтың жиеніне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасағаннан кейін танымал болған.