Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:51, 25 Сәуір 2024

Қырғызстанда 200-ден астам тұрғын үй су астында қалды

f
Фото: из открытых источников

Қырғызстанда сел жүріп, 200-ден астам тұрғын үй су астында қалды. Бұл туралы Бішкекте өткен брифингте елдің Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының орынбасары Урматбек Шамырқанов мәлімдеді, деп хабарлайды.

Қазір елдің үш өңірінде: Ош, Жалал-Абад және Талас облыстарында төтенше жағдай енгізілген.

Айтуынша, 20 сәуірден бері республикада толассыз жауған жаңбыр салдарынан 50-ге жуық сел болған. 200-ден астам тұрғын үй мен 300 аула, бірнеше мектеп пен әлеуметтік нысан су астында қалды. Лай ағындары жолдар мен көпірлерді басып қалды.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Жалал-Абад облысының Ноокен ауданында селге қарсы бөгетті су жарып өтіп, 300 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлаған болатын. Ош облысының Қара-Құлжа ауданында сел көлікті алып кетіп, ішіндегі адам қаза тапты.

Сейсенбі күні Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов селден зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты.

Фото: ТЖМ Қырғызстан

Тегтер: