Қырғызстанда 29 баланы қағып кеткен көлік жүргізуші ұсталды
Қырғызстанның Созақ ауданындағы оқушыларды қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды.
Бұл туралы елдің ІІМ хабарлады, деп жазады Кабар агенттігі.
Ведомство басшысының орынбасары Октябрь Урманбетов оқиға болған аймаққа келіп, жағдайды өз бақылауына алды.
Бұл іс Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиевтің де бақылауында. Ал, денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендер саны 25-тен 32 балаға дейін өсті.
Ауруханадағы 9 баланың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы ауыр. Аурухана меңгерушісі Қыпшақбай Тоқтарбаевтың журналистерге хабарлауынша, зардап шеккендердің екеуінде бас-ми жарақаты, біреуінде ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің түбінің сынуы, ал біреуінде қабырға асты сүйегінің экструзияланған сынығы бар. Көкбауыр жарылған екі балаға ота жасалды.
Айта кетейік, 2 мамыр күні Созақ ауданында балмұздақ тиеген шағын жүк көлігі 29 баланы қағып кетті. Зардап шеккендер 9 бен 16 жас аралығындағы балалар.
Фото: ИА 24.kg