Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:24, 18 Маусым 2024

Қырғызстанда тұрмыстық зорлық - зомбылық оқиғасы жиілеген

pixabay
Фото: pixabay

Қырғызстанда 2024 жылдың төрт айында 4767 тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 632 фактіге (15,3%) көп, деп хабарлады Қырғызсан ІІМ баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қаңтар-сәуір аралығында 4346 уақытша қорғау нұсқамасы шығарылған. Жағдайлардың 95% -ында ордер агрессор ер адамдарға берілген. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы бап бойынша 1457 әкімшілік хаттама толтырылған. Олардың кейбірі сотқа жолданды: 433 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, 691 тәртіп бұзушы қамауға алынды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық (кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, азаптау, зорлау) бойынша 167 қылмыстық іс қозғалған.

БҰҰ мен құқық қорғау ұйымдарының Қырғызстан билігіне шара қолдануды талап еткеніне қарамастан, елде тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының саны жылдан жылға артып келеді. Осылайша, өткен жылы «Азаматтық одақ» қоғамдық бірлестігі билікке әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту бойынша ұсыныстар дайындады. Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2023 жылы елде тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғасы алдыңғы жылмен салыстырғанда 32 пайызға көп тіркелген – 13 104 арыз. 2022 жылы 9880 шақыру түскен, бұл тек тіркелген жағдайлар. Отбасылық агрессорды нақты жазалау өте қиын. Олардың көпшілігі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, онда агрессор айыппұл төлеу немесе қоғамдық жұмыстармен құтылуы мүмкін, деп жазады Fergana агенттігі.

2023 жылы Қырғызстан бейбітшілік пен қауіпсіздік индексі (WPS индексі) бойынша Орталық Азиядағы әйелдер үшін ең қауіпті ел деп танылды, республика 177 орынның ішінде 95-ші орынға ие болған.