Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:19, 03 Қазан 2024

Қырғызстандағы 11 журналистің ісі: Сот отырысы 10 қазанға шегерілді

ы
Фото: vesti.kg

Temirov Live басылымының бұрынғы және қазіргі 11 журналисіне қатысты сот отырысы 10 қазанға шегерілді. Бұл туралы 24.kg агенттігі хабарлады.

Оның айтуынша, Сапар Акунбеков, Тыныстан Асыпбек ұлы және Махабат Тәжібек қызына қатысты соңғы іс қалды.

Айта кетейік, 16 қаңтарда Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Temirov Live кеңсесінде тінту жүргізіп, редакцияның құрал-жабдықтарын тартып алған болатын. Полицейлер үйлерді тінтіп, басылымның қазіргі және бұрынғы 11 қызметкерін ұстады.

Ішкі істер министрлігі 2023 жылғы 30 желтоқсанда Теміров Live және  «Айт Айт Десенің» әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланған контентке қатысты жүргізілген «сот-лингвистикалық сараптамасының» қорытындысы негізінде ҚР ҚК 278-бабы «Жаппай тәртіпсіздікке шақыру» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Махабат Тәжібек қызы, Сапар Акунбеков, Азамат Ишенбеков, Сайпидин Сұлтаналиев, Ақтілек Қапаров, Тыныстан Асыпбеков, Мақсат Тәжібек ұлы, Жодар Бузұмов, Жұмабек Тұрдалиев, Әйке Бейшекеева және Ақыл Орозбеков ұсталды. Олар екі айға – 13 наурызға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Кейін сот қамаудағылардың көпшілігін үйқамаққа шығарып, ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеме алды.

Төрт журналист алты айдан астам уақыт темір тордың ар жағында отыр.

Іс бойынша барлығы 13 айыпталушы бар. Махабат Тәжібек қызы мен журналист Ақтілек Қапаров тәртіпсіздікке шақырулар «ұйымдастырды», ал, Болот Теміров пен журналист Ұлан Нұрманбетов сияқты өзге де журналистерге «көмектесті» деген айып тағылды.

Іс бойынша айыпталушылардың барлығы тағылған айыппен келіспейді.