Қырғызстанда 5-6 миллиардер, 200 миллионер бар - Жапаров
Президент Садыр Жапаров Қырғызстандағы ақшасын елдің дамуына салудан қорықпайтын кәсіпкерлерді тағы да шақырды. Бұл туралы ол «Кабар» агенттігіне берген кезекті сұхбатында айтты.
Президенттің айтуынша, Қырғызстандық миллиардерлер мен миллионерлер ақшасын оффшорларда сақтайды.
Біздің елде байлығы доллармен өлшенетін 5-6 миллиардер, 200 миллионер бар. Көбісі ақшасын оффшорда сақтайды. Сондықтан біз заңдастыру туралы заң қабылдадық. Алайда олар бүгінге дейін ақшасын елге толық кіргізген жоқ. Жартысын әкеліп, құрылыс саласына салып жатқандар бар.
Мен оларға «қорықпаңыздар, жоғарыда айтқан жобаларға қатысыңыздар» дер едім. Күні кеше Шудағы зауыттың ашылуында айтқанымдай, позицияға, оппозицияға бөлмей, экономикаға, мемлекетке пайда әкелетін жобаларға атсалысып, қолдау көрсетуге дайынбыз. Сын айтып жатқандар, журналистер жол емес, барлық салаға инвестор тауып, атсалысып, жұмыс істеуге рұқсат етсін, деді Жапаров.