Қытай 2024 жылы қорғаныс саласына 231 миллиард доллар бөлді
Қытайда 2024 жылы әскери салаға бөлінетін қаржы көлемі 7,2 пайызға артады.
2024 жылы Қытай қорғаныс саласына бөлінетін бюджет көлемін 7,2%-ға арттырып, рекордтық көрсеткіш - 1,67 триллион юаньға жеткізді. (231 миллиард доллар) жетеді. Бұл туралы Reuters агенттігі жазған.
«Ұлттық қорғаныс шығындары 7,2%-ға артып, 1,667 триллион юанды (шамамен 231 миллиард доллар) құрайды», - делінген құжатта.
Қытайдың қорғаныс шығындарының осындай өсімі 2023 жылы тіркеліп, 220 миллиард долларды құраған.
ҚЖалпы, Қытай соңғы бірнеше жылда қорғаныс саласына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтып келеді. Reuters агенттігі Қытай төрағасы Си Цзиньпин билікке келген 2013 жылдан бері әскери бюджеттің 720 миллиард юаньнан 2024 жылы 1,67 триллион юаньға дейін өскенін жазды. Ал, 2017 жылы бөлінген қаражат 1 триллион юаньнан асқан.
Өткен жылы Бейжің қорғаныс шығындарына 1,55 триллион юань (шамамен 214 миллиард доллар) бөлген.
Фото: Feng Li/Getty Image