Әлеумет

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаевтың мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, президенттің 2026 жылғы 8 мамырдағы жарлығына сәйкес Мұрат Ергешбаевтың жаңа қызметке тағайындалуына байланысты оның Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігін тоқтататылған.

Мұрат Ергешбаев

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына және «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес Мұрат Нәлхожаұлы Ергешбаевтың Мәжіліс депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс Мәжіліске енгізіледі», - делінген ОСК қаулысында.

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев Мәжіліс депутаты болып 2023 жылғы наурыздан бері қызмет атқарған.

Еске салайық, 8 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Ергешбаевты Қызылорда облысының әкімі етіп тағайындаған болатын.

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз