Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:06, 15 Шілде 2024

Қызылордада тұтас бір отбасы астан уланып қалды 

1
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына астан улану диагнозымен тұтас бір отбасы жеткізілді.

 Анасы үш баласымен бірге іштері өтіп, бастары айналып, құсқан. Белгілі болғандай, жанұя қаладағы демалыс орындарының бірінде тынығып, кәуап жеген. Қазір науқастардың жағдайы тұрақталды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Астан уланған науқастар ауруханаға кеше кешкісін жеткізілген. Жедел - ішек инфекциясы ауруының клиникалық белгілері байқалған. Дәрігерлер шұғыл түрде ем тағайындап, сауықтыру шараларын жүзеге асыруда. Бүгінгі күні ем алушылардың денсаулықтары жақсарып, тұрақталуда. 

"Науқаспен анықтау жұмыстарын жүргіздік. Отбасы 12 шілде күні қала шетінде орналасқан демалыс орнында тыныққан, кәуап жеген. Осы жерден улануы мүмкін деген күдік бар. Арнайы сараптамалар тағайындалды, ас қалдықтары толықтай тексерілетін болады. Зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат беретін боламыз", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының ресми өкілі.