14:30, 06 Желтоқсан 2023
«Қызылша өршіп тұр»: 16 мыңнан астам астаналық вакцина салды
Астанада қызылшаға қарсы жаппай иммундау дәл бір ай бұрын, 6 қарашада басталды. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова ОКҚ брифингінде ағымдағы жылдың 6 желтоқсанына барлығы 16 447 адам вакцинацияланғанын хабарлады, деп жазды Zhasalash.kz.
"6 айдан 10 айға дейінгі балалар 29 күн және 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар 11 ай 29 күн, сондай-ақ медицина қызметкерлері жаппай иммундауға жатады. Вакцинацияны тіркелген жері бойынша емханаларда тегін алуға болады", - деп еске салды дәрігер.
Бүгінде әлемнің 167 елінде қызылша бойынша жағдай күрделеніп келеді. Кейінгі мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда осы жылы қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Вирус барлық өңірде анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз