Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:32, 24 Сәуір 2024

Солтүстікте су тасқынының екінші толқыны өтіп жатыр

f
Фото: из открытых источников

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны өтті. Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаменті Ақпараттық-талдау тобының бас маманы Жазира Қожахметова мәлімдеді.

ТЖД өкілінің айтуынша, Сергеев су қоймасындағы су деңгейі төмендеп келеді. Су бөгет шыңынан 3 метр 37 см асты. Су деңгейі соңғы тәулікте 19 см төмендеген.

«Ғ.Мүсірепов, Шал ақын, Есіл аудандарында су тасқынының екінші толқыны өтті, қазір ол Қызылжар ауданына және Петропавл қаласында өтіп жатыр. Соңғы тәулікте Есіл өзенінде Қызылжар ауданының Новоникольское селосында су деңгейі 6 см көтерілді. Қазгидромет мамандарының болжамынша екінші толқын, бірінші толқындай көп су әкелмейді және де үйлерді су енді баспайды», - деді СҚО Төтенше жағдайлар департаменті Ақпараттық-талдау тобының бас маманы Жазира Қожахметова.

Өңірде су тасқынының алдын алу шаралары атқарылып жатыр. Бүгінгі күні 764 адам үйлеріне оралды. Эвакопункттерде 1000 жуық адам бар. Қалғаны туыстарының үйлеріне орналастырылған.

Фото: ортком