Қоғам

ҚМДБ онлайн құрбандық шалуға арналған арнайы сайтты іске қосты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесіне орай қашықтан құрбан шалуға арналған Qurban Muftyat онлайн-платформасын іске қосты.

Құрбандық шалу

Жаңа сервис құрбан шалу рәсімін жеңілдету және оны заманауи форматта ұйымдастыру мақсатында әзірленген.

Платформа арқылы пайдаланушылар құрбандыққа шалынатын мал түрін өз бетінше таңдай алады. Сондай-ақ онлайн жүйе арқылы қаражатты қауіпсіз аудару мүмкіндігі қарастырылған.Сервис тапсырысты тек өз атынан ғана емес, туыстарының немесе өмірден өткен жақындарының атынан рәсімдеуге де мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, қолданушылар құрбан шалу процесінің орындалу мәртебесін онлайн режимде бақылап отыра алады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінің мәліметінше, сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар платформадағы кері байланыс қызметі арқылы мамандардан кеңес ала алады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз