Әлеумет

Көкшетаудағы тұрақта адам өліміне әкелген жол апаты: жүргізушінің күйеуіне 5 жылға дейін жаза тағайындалуы мүмкін

Көкшетаудағы тұрақта адам өліміне әкелген жол апатына байланысты жүргізушінің күйеуіне 5 жылға дейін жаза тағайындалуы мүмкін.

2

Көкшетауда тұрақта жаяу жүргіншіні басып өлтірген әйел жүргізушінің күйеуіне 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Әділовтің айтуынша, жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Жүргізушіге қатысты 345-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кеше сот оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу жалғасып жатыр», – деді Санжар Әділов.

Ол сондай-ақ күдіктінің күйеуіне қатысты да қосымша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады. Ол көлікті басқаруды әйеліне берген.

«Сонымен қатар көлікті заңсыз басқаруға берген адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 349-бабы бойынша қосымша қылмыстық іс қозғалды. Бұл – күдіктінің күйеуі. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Бұл бап 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Соңғы шешім – соттың құзырында», – деп түсіндірді министр орынбасары.

Еске салайық, Көкшетаудағы тұрақта адам өліміне әкелген оқиға 9 мамырда болған. Бейнебақылау камерасындағы жазбада көлік тұраққа кіреберісте әйелді қағып, кейін үстінен басып өткенін көруге болады.

Тегтер: жол апаты
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз