Без Категории

Конгресс Трампқа импичмент жариялау процесі басталғанын хабарлады

АҚШ өкілдер палатасындағы демократтар президент Дональд Трампқа "берген сертін бұзғаны үшін" импичмент жариялау процесі басталғанын хабарлады.

Конгресс Трампқа импичмент жариялау процесі басталғанын хабарлады

24 қыркүйекте өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси "Трамп өзінің сертін бұзды, ұлттық қауіпсіздігіміз бен сайлау институтын сатып кетті" деді.

Оның сөзінше, өкілдер палатасы импичмент жариялау үшін тергеу бастайды. "Президент жауапқа тартылуы керек. Заң алдында бәрі бірдей" деді Пелоси.

Дау Трамптың 25 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленскиймен болған әңгімесінен соң туған. Америкалық басылымдар Трамптың Зеленскийді 2020 жылғы сайлауда өзінің бас қарсыласы болатын Джо Байденнің үстінен жемқорлық дауы бойынша іс қозғауға мәжбүрлемек болғанын жазды. Журналистер дерегінше, 2016 жылы Байден өзінің ұлы басқаратын мұнай компаниясын тергеген украиналық прокурор Виктор Шокиннің жұмыстан қуылуына ықпал еткен. Басылымдар "Байденнің үстінен іс қозғау үшін Трамп Зеленскийге қысым жасаған" деп жазды.

Киев те, Трамп та "қысым жасалды" дегенді жоққа шығарған. Бірақ Трамп Зеленскиймен әңгіме кезінде Байден туралы айтқанын мойындады. "Зеленский екеуміз тамаша сөйлестік" деген Трамп әңгіменің стенограммасын жариялауға уәде етті. Ол мұны өзін "жаламен қудалау" деп санайды.

Биыл сәуірде Украина президенті қызметіне кіріскен 41 жастағы Владимир Зеленский бүгін, 25 қыркүйекте өзіне Трамптың "қысым жасағаны туралы" хабарға "Мен – тәуелсіз елдің президентімін. Маған ешкім қысым жасай алмайды. Маған ықпал ете алатын жалғыз адам – алты жасар ұлым" деп жауап берді.

2009-2017 жылдары АҚШ вице-президенті болған Джо Байден 2020 жылы өтетін президент сайлауына демократтар атынан қатыспақ.

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Дональд Трампқа импичмент қаупі төнді» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Дональд Трампқа импичмент қаупі төнді please wait Embed Бөлісіңіз
Дональд Трампқа импичмент қаупі төнді
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30183086.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:02:49 0:00 Жүктеп алу
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз