Саясат

Көзіне блефаропластика жасатқан ба? Нұрлан Нығматулин Досхан Жолжақсыновтың тойына келді

Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин Алматыда өткен Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың 75 жылдық мерейтойына қатысты.

нұрлан нығматулин

2022 жылы қызметінен кеткеннен кейін көпшілік алдына сирек шығып жүрген экс-шенеуніктің тойдағы видеосы әлеуметтік желіде тарады.

11 қазанда Алматыда белгілі актер әрі режиссер Досхан Жолжақсыновтың 75 жас мерейтойы өтті. Өнер иесінің қуанышын бөлісуге мәдениет қайраткерлерімен қатар, кезінде жоғары мемлекеттік қызмет атқарған бірқатар танымал тұлға жиналған.

Қонақтардың арасында Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин мен оның егізі, кәсіпкер Ерлан Нығматулин, бұрынғы премьер-министр Иманғали Тасмағамбетов, экс-мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Сенаттың бұрынғы депутаты Қуаныш Сұлтанов, Тамара Дүйсенова және Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов болған.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Нұрлан Нығматулиннің сырт келбеті де назар аудартты. Әсіресе оның көз айналасындағы өзгеріс байқалады. Бұрынғы суреттерімен салыстырғанда, экс-спикердің қабақ пішіні өзгеше көрінеді. Осыған байланысты оның блефаропластика жасатқаны туралы болжам айтылып жатыр. 

Нұрлан Нығматулин 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Мәжіліс төрағасы қызметінен кеткен еді. Содан бері ол елдің саяси өміріне ашық араласпай, көпшілік алдына сирек шығып жүр. Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары оның Қазақстаннан кеткенін жазған болатын.

"Жас Алаш" бұл оқиғалар туралы бұрын "Апат пен арыз. Ағайынды Нығматулиндер көзге түспейін-ақ дейді…" атты зерттеу жариялаған болатын.

Айта кетейік, Нығматулиндер әулеті мен Досхан Жолжақсыновтың отбасы арасында туыстық байланыс бар. Өнер иесінің ұлы Біржан Жолжақсынов Нұрлан Нығматулиннің жиеніне үйленген деген де ақпарат тарады.

Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновты 75 жас мерейтойымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтау хатын Алматы әкімі Дархан Сатыбалды табыстаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тергеуден қашып жүрген Нұрлан Нығматулиннің ағасы Португалияда жасырынуы мүмкін

 

 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз