Саясат

Зеленский Ресеймен 60 күндік бітімге келсе, президент сайлауын өткізуге дайын

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей 60 күнге толық атысты тоқтатуға келіссе, елде президент сайлауын өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Зеленский

Бұл туралы ол АҚШ-тың ABC телеарнасындағы This Week бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

11 қазанда эфирге шыққан сұхбатында Зеленский Ресей президенті Владимир Путинге екі айға атысты толық тоқтату туралы ұсыныс жеткізуді сұрады. Оның айтуынша, осындай келісімге қол жеткізілсе, Украина сайлау ұйымдастыра алады.

"Бізге екі ай, яғни 60 күнге толық атысты тоқтату мүмкіндігін беріңіздер. 60 күн болса, біз сайлау өткіземіз", – деді Украина басшысы бағдарлама жүргізушісі Джонатан Карлмен әңгімесінде.

Сондай-ақ Зеленский АҚШ президенті Дональд Трампқа құрмет білдіре отырып, Украина басшысын сайлау құқығы ел азаматтарының өзіне тиесілі екенін атап өтті. Оның сөзінше, елдің келесі көшбасшысын украиналықтар таңдауы керек.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз