Без Категории

Көшербаев кетірген Әбдірахымов премьер-министрдің көмекшісі болды

Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Қырымбек Көшербаев "сенімсіздік білдірген" Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов премьер-министрдің кеңесшісі болды.

Көшербаев кетірген Әбдірахымов премьер-министрдің көмекшісі болды

Бұл ақпаратты 13 қыркүйекте үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғабидолла Әбдірахымовты Көшербаев Шымкент қаласының әкімі қызметінен 30 шілде күні алып тастаған. Көшербаевтың айтуынша, "Ғабидолла Әбдірахымов басқаратын Шымкент қаласының республикалық бюджетке қарызы 20 миллиард теңгеге жақындаған" және оған "сенім сарқылған".

Қызметінен кетер бұрын әлеуметтік желіде Әбдірахымовтың Лондоннан түсірген видеосықызу талқыланып, көбі сынаған еді. Кейбір сарапшылар мен белсенділер Әбдірахымов отставкасына осы видео түрткі болды деп есептейді.

Оқи отырыңыз: Ғабидолла Әбдірахымовтың "саяси қателігі" және "қазіргі әкімдер образы"

Қала әкімі қызметіне 2015 жылы тағайындалған Әбдірахымов 2017 жылы "Нұр Отан" партиясының xатшысы қызметіне ауысқан еді. Бірақ былтыр 20 маусымда Әбдірахымов Шымкент әкімі болып қайта оралған.

Қазақстанда облыс, республикалық мәртебесі бар қалалар мен астана әкімдерін президент тағайындайды.

Әбдірахымовтан соң Шымкент әкімі қызметіне Ерлан Айтаханов тағайындалған.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз