Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:36, 30 Қараша 2023

Қостанайда мұнара кран құлап жұмысшы көз жұмды

кран
Фото: из открытых источников

Сағат 12:50 кезінде Шаяхметов көшесінде салынып жатқан нысанда кран құлады, деп хабарлайды Zhasalash.kz "Костанайские новости" ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Кабинада 49 жастағы краншы болған. Алған ауыр жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмды.

"Шаяхметов көшесіндегі салынып жатқан нысанда кран құлады, салонда 49 жастағы ер адам болған, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 2-бөлігі "Адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Қылмыстық кодекстің 277-бабы 2-бөлігі (таулы және құрылыс жерінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы салдарынан болған кісі өлімі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тегтер: